Сурет: i.ytimg.com
Кереуетте жай жатпай, жаттығу жасап жатыңыз. Түні бойы емес, әрине. Кешкісін ұйқыға жатарда немесе таңертең оянғанда бірнеше минутыңызды бөлсеңіз жеткілікті. Нәтижесінде өзіңізге-өзіңіз риза болып, алғыс жаудырмасаңыз, демек жеткілікті жасамағаныңыз.
1-жаттығу

Сурет: @yulia__led (скриншотталып алынды)
Кереует жиегіне бір қырындап жатыңыз. Басыңызды төсекке тимейтіндей етіп шетке шығарыңыз. Иықты бүкпей, еңкіш тартпай, түзу ұстау қажет. Енді басыңызды бір жоғары көтеріп, бір төмен түсіріңіз.
Осылайша күнде 25 рет жасап тұрсаңыз, төмен қарай түскен бет терісі тартылып, беттің сопақша пішіні қалпына келеді. Бірте-бірте иек астына жиналған май ыдырап, екінші иек кетеді.

2-жаттығу

Сурет: @yulia__led (скриншотталып алынды)
Енді тура осылай басты кереуеттің шегінен шығарып, шалқалай жатыңыз. Сосын басты біркелкі баяу ырғақпен оңға-солға бұрыңыз.
Күн сайын осылай ең кемі 25 реттен қайталап тұрудың нәтижесінде беттегі ісік, көз астындағы қалташа жойылады. Бет терісі тыныққан, сергек реңге ие болады.

3-жаттығу

Сурет: @yulia__led (скриншотталып алынды)
Келесі кезекте шалқалай жатқан күйде басты төмен түсіріп, сосын алға, жоғары қарай көтеру керек. Үзбей жасаңыз. Әр күні 25 реттен кем қылмай қайталасаңыз, мойындағы созылмалы кернеу, үнемі ауырсыну басылады. Жотаға май жиналып, желке күжірейе бастаған болса, оның да ыдырауына ықпалы бар.

4-жаттығу

Сурет: @yulia__led (скриншотталып алынды)
Тап алдыңғы жаттығудағыдай басты көтеріп-түсіру керек. Тек бұл жолы екбеттеп жатып жасалады. Осылайша 25 рет қайталаудың соңы жас кездегі сұлулығыңызбен қауыштырады. Себебі бұл жаттығудың әсерінен бет терісі тартылып, әжімдер тегістеледі. Бір жасағаннан емес, әлбетте, күн сайын үзбей қайталағанда ғана.

Дайындаған: А. КЕРІМБЕК,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


