«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды

0
223

​Күдікті Ерсінбек Жұмағалиев кінәсін мойындаған, ал оны қорғап жатқан адвокаттар оны 10 жылға соттауды сұрап отыр.


«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев, скриншот

ERNUR.KZ. Атыраудың қылмыстық істер жөніндегі соты биыл жазда азаматтық некедегі әйелін өлтірген Ерсінбек Жұмағалиевтің ісін қарап жатыр. Марқұм әйелдің аты Алмагүл Шымырова еді, оның артында үш жасар қызы қалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Jagdai» ақпараттық паблигі сот отырысынан адам шошырлық видео таратқан. Жарыссөз кезінде прокурорлар оқиға орнынан алынған айғақтарды көрсетті. Айта кетейік, прокурорлар соттан ер адамды өмір бойына соттауды талап етіп отыр. Ал оны қорғап жатқан адвокаттар 10 жылға соттауды сұраған.

Дегенмен, қылмыстың қандай ауыр екенін көрсету үшін прокурорлар сотқа марқұмның үстінен алынған жұқа жейде мен көрпені және қылмыс жасалған пышақты ашып көрсетті.

Видеодан байқалып отырғандай, марқұмның үстіндегі жейдесі өте көп жерден тесілген. Көрпе қанжоса. Ал пышақтың өте үлкен екені байқалады.

Айта кетейік, істі аса ауыр қылмыстарды қарайтын судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр.