Бүгін президент Ерсайын Нағаспаевты өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты.
© Photo : АО "НК "Қазақстан темір жолы"
ERNUR.KZ. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды, деп жазады sputnik.kz.
"Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды", - деп жазылған компания хабарламасында.
Бүгін президент Ерсайын Нағаспаевты өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты.
Еске салайық, осы жылдың 11 қарашасында "Самұрық-Қазына" АҚ мен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағалары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды.
Осы жағдайға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысынын өткізіп, лауазымды тұлғалардың ұсталуы мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай екенін айтты.


