Бағалау кезінде бейнетіркегіштерді ерікті түрде пайдалану жөнінде аккредиттеу субъектілерімен 30 келісім жасалған.
Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі
ERNUR.KZ. Ұлттық аккредиттеу орталығы еліміздегі кәсіпорындарға қандай сынақ зертханалары қажет екенін анықтап, олардың картасын әзірлемек. Бұл жұмыс отандық өндірушілердің сұранысын зерделеп, шетелдік зертханаларға жүгіну қажеттілігін азайтуға бағытталған, деп жазады inform.kz.
Оның айтуынша, мамандар отандық кәсіпорындарға қандай сынақ түрлері жетіспейтінін және қазақстандық өндірушілер қандай зертханалық зерттеулер жүргізу үшін шетелге жүгінетінін анықтайды. Зерттеу қорытындысы бойынша елге қажетті сынақ зертханаларының картасы жасалады.
Кеңесте аккредиттеу рәсімдерінің ашықтығы мен қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері де қаралды. Қазір орталық қашықтан бағалау тетігін енгізіп жатыр. Сондай-ақ жабдықтарды сәйкестендіру, бағалау барысын фото және бейнежазбаға түсіру жұмыстары жүргізілуде.
Өтініштерді жедел қарау және кері байланыс орнату үшін Telegram-бот іске қосылды. Алдағы уақытта аккредиттеу субъектілері арасында апта сайын сауалнама жүргізу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, аккредиттеу рәсімдерін жеңілдету және автоматтандыру үшін жасанды интеллектіні қолдану көзделген.
Ұлттық аккредиттеу орталығы алдағы жұмысын үш бағытта жүргізбек. Олар – аккредиттеу рәсімдерін жетілдіру, бизнеске қолайлы қызмет көрсету жүйесіне көшу және сарапшы-аудиторлар мен бағалаушылардың кәсіби біліктілігін арттыру.
Бұл жұмыстарға сала мамандары мен кәсіпкерлер де тартылады. Осы мақсатта Ұлттық аккредиттеу орталығы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
-Жаңа тәсілдерді тек орталық ішінде әзірлеумен шектелмеуіміз керек. Аккредиттеу жүйесін жетілдіру жұмыстарына аккредиттеу субъектілерін, зертханаларды, сәйкестікті бағалау органдарын және бизнес өкілдерін тарту қажет, – деді Айдар Әбілдабеков.
Ұлттық аккредиттеу орталығы сала мамандары және кәсіпкерлермен кездесулерді жалғастырады. Келесі кеңес Алматы қаласында өтеді. Жиындарда айтылған ұсыныстар мен ескертулер аккредиттеу саласындағы мәселелерді шешу және қызмет көрсету сапасын жақсарту кезінде ескеріледі.


