Көкшетауда 45 жастағы ер адам ауруханада өзіне қол жұмсады

0
144

Қылмыстық іс қозғалды


Көкшетауда 45 жастағы ер адам ауруханада өзіне қол жұмсады

Фото: ЖИ

ERNUR.KZ. Көкшетау қаласындағы аурухананың аумағынан 45 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 25 қарашада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған. Қала тұрғындары оның ғимараттың терезесінен құлап түскенін айтып жатыр.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.