Сусыз "жуыну" - ағзаны сауықтырады

0
185

Өзіңізге күтім жасауды қосымша ауыр физикалық жүктемесіз-ақ жүзеге асыруға болады.


Сусыз

Сурет: i.pinimg.com

«Құрғақ жуыну» – бұл су қолданбай жуыну. Сізге ұйқыдан тұрғанда денеңіз өзіңізге бағынбай тұрғандай, бір жеріңіз ұйып қалғандай болып, қозғалыс үйлесімі бұзылатын сезім таныс па? Бұл – мидың дене картасын дұрыс құра алмауы, яғни сигналдардың қажетті нүктелерге жетпеуі. «Құрғақ жуыну» техникасы осындайда көмектеседі. Ол ағзаның толық оянып, қозғалысты қайтадан толық бақылауға алуына әсерін тигізеді.

Құрғақ жуыну – бұл тіндердің неврологиялық белсенденуі. Денеңізді сипау, жеңіл қағу немесе уқалау арқылы миға сигнал жіберіп, рецепторларды белсендіресіз. Нәтижесінде тіндерге қан жақсырақ келеді, лимфа айналымы жақсарады, ал қозғалыстарыңыз дәлірек әрі еркін болады.


Құрғақ жуынуды үнемі жасап отырсаңыз, мынадай пайдасына кенелесіз:

  • Жеңіл ояну
  • Бет түсінің жақсаруы және ісіктің азаюы
  • Қозғалыс сапасы мен үйлесімінің артуы
  • Психоэмоционалдық кернеудің азаюы
  • Бұлшықет жүйесі тонусының арттуы
  • Жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін реттейді
  • Физикалық жүктемелерге төзімділікті күшейтеді


Қалай жасалады?

Бұл жаттығу денені «ояту», ми мен дене байланысын іске қосу үшін жасалады.

  1. Бастапқы қалып. Тік тұрыңыз. Денеңізді бос ұстаңыз, Назарды өз денеңізге аударыңыз
  2. Басты және бетті белсендіру. Екі қолмен бетті жеңіл сипаңыз. Әдеттегі сумен жуған кездегі қозғалыс бағыттарын қолдана отырып, маңдайдан бастап, бет пен иекке дейін қозғалыс жасаңыз. Содан кейін саусақтарды шаш арасына кіргізіп, шаш түбіріне массаж жасаңыз. Шашты тарағандай, басты қасығандай қимылдармен жеңіл уқалаңыз. Мақсаты: миға сигнал беру, оянуды бастау.
  3. Құлақ пен мойын. Құлақтың артын, алдын саусақпен жеңіл ысқылаңыз. Құлақ шеміршектерін жаймен уқалап, аздап тартуға да болады. Мойынды жоғарыдан төмен қарай сипалап бірнеше рет жүріп өтіңіз. Сосын кеудеңізді сипалауға немесе жұдырықпен жайлап ұрғылап шығуға болады. Бұл аймақтар жүйке жүйесімен тығыз байланысты
  4. Иық пен қолдар. Бір қолмен екінші қолды иықтан бастап саусақ ұшына дейін, ішкі-сыртқы беттерін түгел сипап шығыңыз. Кейін алақанмен жеңіл шапаттап өтіңіз. Осылай екі қолға да қайталаңыз. Нәтижесінде қан айналымы мен сезімталдық жақсарады.
  5. Кеуде және іш. Кеуде тұсын жеңіл сипаңыз. Ішті сағат тілі бағытымен айналдыра уқалаңыз. Бұлай жасау лимфа ағыны мен ішкі жүйелерді белсендіреді
  6. Арқа (мүмкіндігінше). Арқаны, бел мен желке аралығын қолыңыз жеткенінше сипап немесе жеңіл ұрғылап шығыңыз.
  7. Аяқ бөлімі. Саннан бастап төмен қарай сипаңыз. Кейін жұдырықпен немесе алақанмен шапаттап жеңіл ұрғылап шығыңыз. Табанға дейін жеткізіңіз. Әр аяққа және әр бөліктеріне мұқият назар аударып, уақыт бөліңіз. Бұл дененің толық «оянуына» көмектеседі.
  8. Аяқтау. Бүкіл денені жеңіл қағып шығыңыз. Терең тыныс алыңыз. Денедегі жеңілдік пен жылуды сезініңіз.

Маңызды: Қозғалыстар жеңіл, соққылар ауыртпайтын болуы керек. Жаттығуды күнде таңертең немесе жаттығу алдында жасаған дұрыс. Барлық денені қамту маңызды


Құрғақ жуынудан кімдер бас тартқаны дұрыс?

Майлы тері типі бар адамдар терісін, әсіресе бет терісін құрғақ қолмен ысқыламағаны жөн. Құрамында белгілі бір мөлшерде беттік-белсенді заттар бар, көбіктенетін тазартқыш құралдарды қолданғаны дұрыс. Олар көбіктенуі әрі тиімді болуы үшін, әрине, су қажет. Сонымен қатар мұндай теріден тазартқыш құралды толықтай жуып тастау өте маңызды. Өйткені оның қалдықтары терінің тітіркенуіне, тесіктердің бітелуіне және қабынуға әкелуі мүмкін.

Өзіңізге күтім жасауды қосымша ауыр физикалық жүктемесіз-ақ жүзеге асыруға болады. Қысқаша айтқанда, бұл — денені сипау, уқалау және жеңіл қағу арқылы «ояту» техникасы. Ол қан айналымды жақсартып, қозғалысты жеңілдетеді және денені жаттығуға дайындайды.

Дайындаған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Жаттығуды кереуетте жасаудың БЕТКЕ пайдасы көп