Шамадан тыс жаттығу да ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІПТІ

0
604

Бір нәрсе анық: шамадан тыс жаттығу белгілерін елемеу қауіпті, себебі бұл ауыр салдарларға әкелуі мүмкін.


Шамадан тыс жаттығу да ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІПТІ

фото: ЖИ


Шамадан тыс жаттығу – бұл денеге шамадан тыс физикалық күш салу, демалу мен қалпына келуге жеткілікті уақыт бөлмеуден туындайтын физикалық және эмоционалдық сарқылу. Жаттығуға тым құмар кәсіби спортшылар мен нәтижеге жылдам жеткісі келетін әуесқойларда болуы мүмкін. Шамадан тыс жаттығу иммунитетті төмендетеді, жарақат алу қаупінің жоғарылауына әкеледі. Психологиялық мәселелер туғызуы да мүмкін.


Шамадан тыс жаттығудың белгілері:

1. Демалғаннан немесе ұйқыдан кейін де жалғасатын созылмалы шаршау

2. Күнделікті бірдей қарқынмен жаттығып жатсаңыз да, спорттық өнімділіктің төмендеуі

3. Бұлшықет пен буындардың үнемі ауыруы, тіпті қарқынды жаттығусыз да, таңертең жиі кездеседі

4. Денеңіз инфекцияларға осал бола бастайды және сіз жиі ауыра бастауыңыз мүмкін.

5. Ұйқысыздық немесе керісінше, шамадан тыс ұйқышылдық

6. Көңіл-күйдің өзгеруі. Сіз сезімтал бола бастауыңыз мүмкін: ашушаңдық, мазасыздық және депрессия көбінесе шамадан тыс жаттығумен байланысты

7. Тыныштық кезіндегі жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы

8. Тәбеттің өзгеруі. Тамаққа деген қызығушылықтың жоғалуы немесе керісінше, шамадан тыс тамақтану

Егер сіз жоғарыда аталған белгілердің бірнешеуін байқасаңыз, жаттығу және демалыс кестеңізді қарастырып, дәрігерге көрінудің уақыты келген шығар.


Қалыпты шаршаудан қалай ажыратамыз?

  • Шаршау демалыспен жойылады, ал шамадан тыс жаттығу – жоқ.
  • Шаршау кезінде сіз тек жаттығудан кейін ғана шаршайсыз, ал шамадан тыс жаттығу кезінде күні бойы шаршайсыз.
  • Шаршау спорттық көрсеткіштерге әсер етпейді, ал шамадан тыс жаттығу әсер етеді.
  • Шаршау көңіл-күйдің кенеттен өзгеруіне әкелмейді, ал шамадан тыс жаттығу әсер етеді.
  • Шаршау дене белсенділігіне қалыпты реакция, ал шамадан тыс жаттығу – дененің қалпына келуге уақыты жоқ жағдай.


Шамадан тыс жаттығудың денсаулыққа әсері

1. Жүрек-қан тамырлары аурулары

2. Гормондық өзгерістер

3. Мазасыздық бұзылыстары

Бір нәрсе анық: шамадан тыс жаттығу белгілерін елемеу қауіпті, себебі бұл ауыр салдарларға әкелуі мүмкін.


Не істеу керек?

Егер сіз шамадан тыс жаттығудан күдіктенсеңіз, дәрігерге көрініңіз. Маман сіздің мәселелеріңіздің себебін анықтап, тиісті ем тағайындай алады.

Дәрігерге барғанға дейін келесі шараларды қолданып көруге болады:

  • жаттығу қарқындылығын азайту;
  • демалу уақытын арттыру;
  • ұйқы сапасын жақсарту;
  • не жейтініңізді және қанша ішетініңізді бақылау;
  • стрессті азайту


Алдын алуға бола ма?

Шамадан тыс жаттығудың алдын алу оны емдеуден әлдеқайда оңай.

  • Қарқынды және жеңіл жаттығуларды жоспармен, теңестіре отырып жасаңыз. Жүктемені біртіндеп арттырыңыз.
  • Денеңіздің сигналдарын елеусіз қалдырмаңыз, тыңдаңыз
  • Демалуға және қалпына келуге уақыт беріңіз.
  • Спорт түрін, жаттығу түрлерін ауыстырып тұрыңыз
  • Дұрыс тамақтаныңыз. Мәзірде бұлшықет денсаулығы мен қалпына келуін қолдау үшін жеткілікті қоректік заттар бар екеніне көз жеткізіңіз
  • Түнгі 22:00-ден бастап, кемінде 7-8 сағат ұйықтауға тырысыңыз.
  • Медитация, йога немесе таза ауада серуендеу сияқты стрессті басқару, арылу жолдарын табыңыз.
  • Денеңіздің демалуына және қалпына келуіне көмектесетін кестесіне массаж, сауна, жүзу немесе басқа әдістерді енгізген дұрыс


Шамадан тыс жаттығудан қалпына келтіру

  • Толық демалу: жаттығуға оралмас бұрын денеңізге бірнеше апта толық демалыңыз;
  • Мамандармен жұмыс: Дәрігерлермен және жаттықтырушылармен кеңесу жаттығудың тиісті деңгейін анықтауға көмектеседі; сонымен қатар дәрігермен қандай тағамдық қоспалар қалпына келуге көмектесетіні туралы кеңескен жөн.
  • Жаңарту: Шамадан тыс жаттығудан кейін мотивацияны жаңарту және шамадан тыс жаттығудың алдын алу үшін жаттығу жоспарыңызға жаңа жаттығулар түрлерін енгізіңіз.

Шамадан тыс жаттығу денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Дененің машина емесін және оған толық тынығу үшін үзіліс қажет екенін ұмытпаңыз.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Аэро-йога – дене мен ақыл-ойды өзгертудің жаңа тәсілі