​Велосипед ТЕБЕ АЛАСЫЗ ба? Демек,БАҚЫТТЫ жансыз

0
1 008

Себебі, көп аурудың алдын алады


​Велосипед ТЕБЕ АЛАСЫЗ ба? Демек,БАҚЫТТЫ жансыз

Қала тынысынан шаршаған қазіргі заманның адамдары бақыт пен шаттықты қарапайым нәрселерден табуда. Міне, осындай қызықты әрекеттердің бірі – велосипед тебу. Велоспорт қоғамдастығы көбейіп, қалалардың велоинфрақұрылымы жақсаруда. Бұған еліміздің мегаполистерінде, бірнеше ірі қалаларында велосипед тебу мәдениетінің қалай өсіп келе жатқаны тамаша мысал бола алады.

Өмір сүру сапасын жақсарту және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қалалық әкімшіліктер велосипед жолдарын кеңейтуге баса назар аударуда. Осы иігілікті пайдаланып, сіз де велосипед тебуді күнделікті спортпен айналысу шарасына әрі қатынас құралына айналдырыңыз. Себебі...


Велосипед тебудің денсаулық үшін пайдасы:

  • Көз бұлшықеттерін үнемі жаттықтыру, жақын заттардан алыстағыларға «қайта бағыттау» бар. Бұл компьютерлік жұмыстан демалудың тамаша құралы;
  • Дәрігерлер мен психологтар велосипед тебудің стрессті азайтуға және жоғары қан қысымы сияқты ауруларды басқаруға көмектесетінін растайды;
  • Тепе-теңдікті сақтауға жауап беретін органдар жаттығады, қозғалыстарды үйлестіру жақсарады;
  • Велосипед тебу кезінде эндорфин («бақыт гормоны») көп бөлінеді. Ол адамға қуаныш, бақыт сезімін сыйлайды.
  • Велосипед тебу мидағы және оның медиальды құрылымдарындағы қан айналымын жақсартады. Осы арқылы есте сақтауды жақсартып, ойлауды ынталандырады және ұйқының сапалы болуына үлес қосады. Таңертең велосипедпен жүру – ұйқыны ашып, сергудің ең тамаша тәсілі.
  • Велосипед тебудің ерлер денсаулығына пайдасы жамбас мүшелерін қанмен қамтамасыз етуді жақсарту және перинэя бұлшықеттерінің жұмысын жақсартуды қамтиды. Бұл ерлерде простатиттің, простата аденомасының және геморройдың алдын алуға көмектеседі.
  • Ал велосипедті көбірек тебетін әйелдерде пассивті өмір салтын ұстанатындармен салыстырғанда жүктілік барысы өте жақсы, жеңіл өтеді.

Велосипед сізге ұзақ жылдар бойы денсаулық, сондай-ақ жаңа жерлермен және туған табиғатыңыздың сұлулығымен танысу қуанышын сыйлайтын адал серігіңіз болады.

Велосипед тебу белсенді өмір салтын ұстанғысы келетіндер үшін демалыстың өте жақсы таңдауы.Дегенмен, бұл спорт кез келген адамның қолынан келе бермейді. Велосипед тебуді хобби ретінде бастамас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.

Дайындаған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЕҢ ЖАҚСЫ ФИТНЕС: Бимен айналысуға УАҚЫТ БӨЛІҢІЗ