​Түнде ЖҮЗІК тағып жату ТЕРІГЕ қандай қауіп төндіреді?

0
139

Дерматологияда «Неке жүзігі дерматиті» феномені бар


​Түнде ЖҮЗІК тағып жату ТЕРІГЕ қандай қауіп төндіреді?

Сурет: ЖИ

Сақина-жүзіктеріңізді тәулік бойы, тіпті ұйықтағанда да шешпей тағуға дағдыланғансыз ба? Бұл әдетті қайта қарайтын уақыт жеткен болар. Өйткені түнде әшекей тағып жату теріңізге де, бұйымдардың өзіне де жағымсыз салдардар тудыруы мүмкін.


Теріге қалай зиян келтіреді?

Жүзіктерді үнемі, әсіресе ұйқы кезінде шешпей тағу терінің тітіркенуіне, аллергиялық реакцияларға және бактериялық инфекцияларға әкелуі мүмкін. Жүзік ылғалды, өлі клеткаларды және бактерияларды ұстап қалып, оны теріге өткізетін көпір ретінде әсер етеді. Бұл контактілі дерматитке (қышитын әрі қызаратын тері ауруы) соқтырады. Әсіресе терісі сезімтал немесе металға аллергиясы бар адамдар жоғары тәуекел тобында.

Бұған қоса, көрпе астындағы жылы әрі ылғалды орта бактериялар мен саңырауқұлақтардың көбейуіне ықпал етіп, бұрыннан бар тері мәселелерін одан әрі ушықтырады.

Бұндай салдардың алдын алу үшін ұйықтар алдында жүзікті шешіп қою ұсынылады. Бұл терінің тыныс алуына мүмкіндік береді, ылғал деңгейін төмендетеді және тітіркенудің пайда болу қаупін азайтады.


«Неке жүзігі дерматиті» феномені

Дерматологияда «окклюзиялық дерматит» деген ұғым бар. Жүзік пен тері арасында ауа айналымы тоқтап, ылғал қамалып қалғанда, терінің табиғи тосқауылы (липидті қабат) бұзылады. Нәтижесінде, тіпті жылдар бойы аллергия бермеген алтын немесе күміс жүзіктің өзі кенеттен теріні қызартып, қышыта бастайды.


Әшекейдің ұйқыға әсері

Жүзіктерден бөлек, басқа да аксессуарлар сапалы тынығуға кедергі келтіруі мүмкін:

  • Ірі бекіткіштері бар сырғалар батып, жайсыздық тудыруы мүмкін.
  • Әшекейлердің өткір элементтері теріні жарақаттауы мүмкін.
  • Мойынға тығыз жанасатын алқа, шынжырлар қысу сезімін тудырып, еркін демалуға кедергі жасайды.

Бұдан бөлек, әшекейлердің сынуы мен зақымдануының көбі ұйқыдағы байқаусызда жасалған қозғалыс салдарынан орын алады.


Никельге аллергия статистикасы

Journal of the American Academy of Dermatology зерттеулеріне сәйкес, әлемдегі әйелдердің шамамен 17-20%-ында және еркектердің 6%-ында никельге аллергия бар. Арзан әшекейлерде ғана емес, ақ алтын мен төмендеу пробалы алтын қорытпаларында да никель кездеседі. Түнде тері терлеп, ылғалданғанда металл иондары белсенді түрде бөлініп, бұл аллергияны ұшықтырады.



Тазалауды ұмытпаңыз

Кейбір адамдар шомылу немесе су процедуралары әшекейлерді кірден тазартады деп есептейді. Дегенмен, бұл қате түсінік. Уақыт өте келе онда кремдердің, косметиканың қалдықтары, шаң мен тері бөлінділері жиналады. Бұл әшекейдің сыртқы келбетін нашарлатады және терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.

Сондықтан жүзіктерді, сырғалар мен шынжырларды жүйелі түрде тазалап тұру, сондай-ақ денсаулығыңыз бен бұйымдарыңыздың сұлулығын сақтау үшін оларды түнге қарай шешіп отыру маңызды.


Микроорганизмдердің көбеюі

Ұлыбританияда жүргізілген микробиологиялық тексерістерге сәйкес, шешпей тағылған жүзіктердің астындағы бактериялар саны әдеттегі таза қолдағы бактериялардан 2 есе көп болады. Түнде көрпе астындағы жылы әрі ылғалды микроклимат бұл бактериялардың көбеюіне өте қолайлы орта болып табылады.


Саусақ ісінуінің анатомиясы

Адам ағзасында түнде сұйықтық жиналады. Соның салдарынан таңертең саусақтар сәл де болса ісінеді. Түнде жүзік тағып жату саусақтағы қан айналымын баяулатып, тіпті тамырлардың қысылуына (микроциркуляцияның бұзылуына) соқтырады.

Егер саусақ ісіп, жүзік шешілмей қалса:

  • Қолды жоғары көтеріп 2-3 минут ұстау (қан айналымын реттеу).
  • Саусақты суық суға батыру немесе мұз басу (ісінуді басады). Муз және салқын су: Қолды 2-3 минут салқын суға салу — тамырларды тарылтып, ісікті қайтарады
  • Сабын, вазелин немесе сұйық майды қолданып, жүзікті айналдыра отырып жайлап шешу.

Мөлдір лак әдісі

Егер әшекейден аллергия беріп, бірақ оны таққыңыз келсе, жүзіктің ішкі бетіне мөлдір тырнақ лагын жағып қоюға болады. Бұл металл мен тері арасында уақытша тосқауыл түзеді. Дерматологтар бұл әдісті уақытша шешім ретінде растайды, бірақ лак тез мүжіледі және дерматитті толық емдемейді.


Үш түйін:

  • Жүзікті жүйелі түрде шешіп, теріні тынықтырып тұру тері ауруларының қаупін азайтады.
  • Әшекейлерге күтім жасай отырып, сіз олардың қызмет ету мерзімін ұзартасыз.
  • Әшекейлерді тазалау кірдің жиналуын және бактериялық инфекциялардың алдын алуға көмектеседі.

Дерматологтар мен зергерлердің ортақ кеңесі: Әр түні әшекейге де, теріге де түнде 7-8 сағаттық демалыс беріңіз.

Аударған: Ханбибі ОРАЛ,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Массаж АППАРАТЫ мойындағы ӘЖІМді кетіре ме?