​Жол бойындағы суағарға қоқыс тастаған шымкенттік тұрғын жауапқа тартылды

0
59

Азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


​Жол бойындағы суағарға қоқыс тастаған шымкенттік тұрғын жауапқа тартылды

Шымкент қаласында полицейлер бейнебақылау камералары арқылы әуежайға қарама-қарсы аумақта жол бойындағы суағарға тұрмыстық қалдықтарды тастаған әйелді анықтады.

Құқық бұзушы - жергілікті тұрғын.
Қала аумағын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ол өзі тастаған қоқысты жинап, аумақты тазалады.
Полиция қала тазалығын сақтау – әрбір тұрғынның міндеті екенін еске салады. Қоқысты белгіленбеген орындарға тастау заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Бөлісу