Президент кеңесшісі Шымкенттегі жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысты

0
69

Орталық 108 оқу муляжымен және жедел жәрдем көлігінің макеті түріндегі тренажерлік кешенмен жабдықталған.


Президент кеңесшісі Шымкенттегі жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Алексей Владимирович Цой Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына барып, қызметтің цифрлық мүмкіндіктерімен, халықаралық стандарттарға сай мамандар даярлау жүйесімен және заманауи бақылау технологияларымен танысты.

Сапар барысында оқу-симуляциялық орталықтың жұмысы көрсетілді. Мұнда мамандар BLS, ACLS, PHTLS және PALS халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған тренерлерден білім алады. Орталық 108 оқу муляжымен және жедел жәрдем көлігінің макеті түріндегі тренажерлік кешенмен жабдықталған.
Сонымен қатар, Яндекс сервисімен интеграцияланған жүйе арқылы бірінші санаттағы шақыртулар кезінде тұрғындар жедел жәрдем көлігінің қозғалысын бақылай алады.
Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық көмектің сапасын бақылау мақсатында барлық жедел жәрдем бригадалары бейне-аудио бақылау құрылғыларымен 100 пайыз қамтылған.
Бөлісу