Мемлекеттік күзет қызметі тұрғындарға ескерту жариялады.
фото: Ақорда
ERNUR.KZ. 25-29 мамыр аралығында Астана аспанында әскери техника пайда болады, ал кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі, деп жазады stan.kz.
Мемлекеттік күзет қызметі тұрғындарға ескерту жариялады.
"Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! Ресей президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары және жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында 25-29 мамыр аралығында Астана көшелерінің кейбір бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі", – делінген хабарламада.
Бұл шараларға мамандандырылған мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының және Қазақстан Қарулы Күштерінің ресурстарын, соның ішінде әскери ұшақтар мен жабдықтарды пайдалану кіреді.
Сонымен қатар осы күндері Астанада қорғаныс министрлігінің ұшақтары ұшпақ.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан осы маңызды халықаралық іс-шара кезінде қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарау сұралды.


