Бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған жігіт қазір мүлде құжатсыз жүрген.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Осыдан оншақты күн бұрын Астананың қақ ортасында, тұрақта тұрған көлікті соғып кеткен жігіт 30 күнге қамалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«4 шілде күні сағат 02:50 шамасында Астана қаласында Тілендиев көшесі, №36 үйдің қарсысында «ГАЗель» маркалы автокөліктің жүргізушісі көлік құралын басқару құқығынан бұрын айырылған әрі жүргізуші куәлігін мүлде алмаған бола тұра, жол жиегінде тұрған бес автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасын жасағаннан кейін жүргізуші оқиға орнынан бой тасалап кеткен», - деп хабарлайды Астана полициясы.
Полиция бейнебақылау камералары арқылы жүргізушіні тауып, оны жазалаған.
«Сот жүргізушіні 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды», - деп хабарлайды Астана полициясы.


