Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды

0
127

Ол екі жылдан астам уақыт дертпен күресті.


Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды

Фото: ulysmedia.kz

ERNUR.KZ. Астанада әскерге сау кетіп, ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Жаназа намазы Шейх Құнта қажы мешітінде оқылды.

Сарбазбен қоштасу рәсіміне оның туған-туыстары мен жақындары, сондай-ақ Ұлттық ұланның өкілдері қатысты. Адвокат Инга Иманбай Ербаян Мұхтардың басынан өткен қайғылы жайт ата-аналардың әскерге деген сеніміне кері әсер ететінін айтты.

"Осындай жағдайлардан кейін кім өз баласын әскерге жібергісі келеді? Мен ұлдарымның патриот болып өсіп, елін қорғай алатын азамат болғанын қалаймын. Бірақ ол үшін мен мемлекетке сенуім қажет", – деді отбасының адвокаты.