Елордадағы қоғамдық тамақтану орындарына ит етінің жеткізіліп жатқаны туралы ақпаратқа қатысты

0
134

Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары заңнамаға сәйкес тергеу жүргізген.


Елордадағы қоғамдық тамақтану орындарына ит етінің жеткізіліп жатқаны туралы ақпаратқа қатысты

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде және жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарында ит еті сатылып жатқаны туралы ақпарат қайта таралып жатыр, деп хабарлайды astana_vetservice.

Хабарланған мәліметтер 2023 жылы Ақмола облысы аумағында жануар тектес өнімдердің заңсыз айналымы анықталған оқиғаға қатысты екенін мәлімдейміз.

Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары заңнамаға сәйкес тергеу жүргізді. Іс материалдары сотта қаралып, кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарында мұндай өнімді жеткізу, сату немесе пайдалану фактілері ресми түрде расталған жоқ.

Елордада жануар тектес өнімдерге тұрақты түрде ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізіледі. Оның аясында ілеспе құжаттар тексеріліп, жеткізушілерге мониторинг жасалады және азық-түлік қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қадағаланады.

Бүгінде ет өнімдерінің заңсыз айналымына немесе Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне қатысты заңбұзушылықтарға байланысты деректер анықталған жоқ.

Жағдай уәкілетті органдардың тұрақты бақылауында. Елордада жануар тектес өнімдерге, жеткізушілерге және санитариялық-ветеринариялық талаптардың сақталуына жүйелі түрде мониторинг пен тексеру жүргізіліп отырады.

Азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырамыз.