Біреудің атына 1,4 млн теңге несие рәсімдеген астаналық ұсталды

0
110

​Астаналық азамат басқа біреудің деректерімен 1,4 млн теңгеге несие рәсімдеген.


Біреудің атына 1,4 млн теңге несие рәсімдеген астаналық ұсталды

ERNUR.KZ. Астана полицейлері өзге адамның деректерін пайдалана отырып, тауарлық несиені заңсыз рәсімдеу фактісінің бетін ашты, деп жазады baq.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, елорданың 23 жастағы тұрғыны жәбірленушінің ұялы телефонына қол жеткізіп, оның рұқсатынсыз банктік қосымшаға кірген. Құрылғы иесінің дербес деректерін пайдалана отырып, ол оның атына 1,4 млн теңге сомасында несие рәсімдеген.

Күдікті алынған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап, телефон иесіне материалдық шығын келтірген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.