Атырауда мектеп мұғалімін күйеуі асқан жауыздықпен өлтірді

0
103

​Қайғылы оқиға 16 наурызға қараған түні болды.


Атырауда мектеп мұғалімін күйеуі асқан жауыздықпен өлтірді

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Атырауда мектеп мұғалімін күйеуі пышақтап өлтіргені белгілі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайғылы оқиға 16 наурызға қараған түні болған. Полицияға шамамен сағат 03:30-да тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйелдің қаза тапқаны туралы хабарлама түсті. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйелді 62 жастағы күйеуі өлтірген.

«Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.