Астанадан шығатын көліктер уақытша басқа жолмен жүреді – әкімдік

0
100

22–26 шілде аралығында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Астанадан шығатын көліктер уақытша басқа жолмен жүреді – әкімдік

фото: Пресс-служба компании "КазАвтоЖол"

ERNUR.KZ. Астана қаласының әкімдігі Тілендиев даңғылы арқылы қаладан шығатын жүргізушілерге уақытша басқа бағытты пайдалануға кеңес берді, деп жазады sputnik.kz.
22–26 шілде аралығында Баршын көшесінен Тілендиев даңғылындағы көлік жолайрығына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты бұл аумақта көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
"Қалаға кіру бұрынғы тәртіппен жүзеге асырылады. Ал қаладан шығу уақытша енгізілген қозғалыс сызбасына сәйкес ұйымдастырылады", – деп хабарлады әкімдік.
Жаңа қозғалыс сызбасына сәйкес, қаладан шығатын жүргізушілер Баршын көшесіне бұрылып, одан әрі Сәбит Мұқанов көшесі арқылы айналма жолға шыға алады.