Атаулы LRT көлік картасының құны – 1200 теңге.
фото:Sputnik/Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Астана әкімдігі осы аптада ресми түрде іске қосылатын LRT-ның жұмыс уақытын жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Пилотсыз қоғамдық көліктің жаңа түрі таңғы сағат 06:00-ден түнге 23:00-ге дейін жолаушыларды тасымалдайды.
"LRT-де турникеттер орналасқан жабық төлем жүйесі жұмыс істейді. Платформаға төлем жасалғаннан кейін ғана кіруге болады",-дейді әкімдік мамандары.
Төлем тәсілдері:
1. FacePay – HalykBank банктік қосымшасы арқылы бет биометриясы арқылы жол ақысын төлеу;
2. LRT көлік картасымен төлеу, LRT көлік картасының құны – 1000 теңге.
3. Visa/MasterCard банк карталары, NFC – Apple/Samsung Pay смартфоны немесе смартсағаты арқылы төлеу;
4. QR-код бойынша – HalykBank/KaspiBank қосымшаларымен;
5. LRT кассасы немесе TVM автоматынан бір реттік билетпен.
Ал жеңілдікті және мектеп картасымен жол жүру тегін.
"Елорданың 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқу орындарының оқушылары, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдікті санаттарға жататын, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтардың тегін жол жүруге құқығы бар", -делінген ресми хабарламада.
Атаулы LRT көлік картасының құны – 1200 теңге.


