Астанадағы LRT екі аптада 1 миллион жолаушы тасымалдады

0
193

Елордадағы жеңіл рельсті көлікке сұраныс артып, жоба қала тұрғындары арасында танымал бола бастады.


Астанадағы LRT екі аптада 1 миллион жолаушы тасымалдады

Фото: instagram.com/jenis_qasymbek

ERNUR.KZ. LRT Astana іске қосылғалы бері жаңа көлік жүйесінің қызметін 1 миллион жолаушы пайдаланды. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, бүгінде LRT күн сайын 65–75 мың адамды тасымалдайды.

«LRT іске қосылғалы екі апта ішінде жолаушылар ағыны 1 миллион адамға жетті. Күнделікті жолаушылар саны шамамен 65–75 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіштер елорда тұрғындары мен қонақтары арасында жаңа рельсті қоғамдық көлік түріне сұраныстың жоғары екенін көрсетеді», – деп жазды әкім Instagram парақшасында.

Жеңіс Қасымбек сондай-ақ жолаушыларға жаңа көлік жүйесіне сенім білдіріп, инфрақұрылымға ұқыпты қарағаны үшін алғыс айтты.

Бұдан бөлек, әкім елордада LRT жобасының Қосшы бағытына қарай екінші кезеңін іске асыру басталғанын хабарлады. Қала басшысының сөзінше, желіні әрі қарай дамыту агломерацияның көлік мүмкіндіктерін кеңейтіп, қала маңындағы аумақ тұрғындары үшін қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.