Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттардың шатырлары толықтай отқа оранған.
ERNUR.KZ. Астананың Байқоңыр ауданында Толстой көшесінде бір-біріне жақын орналасқан екі жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп жазады Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттардың шатырлары толықтай отқа оранған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттардың шатырлары толықтай отқа оранған.
Құтқарушылар жедел түрде жану аймағынан 5 газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
ТЖМ күштерімен өрт толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.


