Астанада жолға жүгіріп шыққан баланы көлік оншақты метр жерге ұшырып кеткен (ВИДЕО)

0
110

​Бала әртүрлі жарақат алып, ауруханаға түскен.


Астанада жолға жүгіріп шыққан баланы көлік оншақты метр жерге ұшырып кеткен (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Астанада 13 жастағы жасөспірім бағдаршамның қызыл түсін елемей, жолға қарай жүгіріп кеткен. Салдарынан қарсы келе жатқан көлік тоқтап үлгермей, жеткіншекті бірнеше метрге дейін ұшырып әкеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қорқыныштың жол апатының видеосы Telegram-дағы «Криминальный Казахстан» арнасында жарияланып, таралып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, бір топ бала бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолды жүгіріп өтпек болған. Сол сәтте Renault көлігінің жүргізушісі баланы қағып кеткен.

Желі қолданушылары арасында жасөспірімдер арасында тараған бұл әрекет қауіпті ойын салдары не аниме кейіпкерлеріне еліктеу болуы мүмкін деген пікірлер айтылып жатыр. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Полицияның мәліметінше, Renault көлігінің жүргізушісі реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде қызыл шамға жүгіріп шыққан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Жол апаты салдарынан 13 жастағы жасөспірім жараланып, ауруханаға түсті. Қазір тексеру жүріп жатыр», – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаменті.

Осы жағдайдан кейін ведомство ата-аналарды балаларды бақылауды күшейтуге шақырды.

«Жолдың жүру бөлігі ойын ойнайтын немесе қараусыз жүретін орын емес. Жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өту немесе қызыл шамға жүгіру қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін», – деп ескертті полиция.