Астанада жолаушылары бар автобус өртенді

0
141

ТЖМ қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді.


Астанада жолаушылары бар автобус өртенді

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Астана қаласы Есіл ауданы Әл-Фараби даңғылы бойында бағыттық автобустың қозғалтқыш бөлігінен өрт орын алды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жіберілді.

"Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер автобустың қозғалтқыш бөлігі ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылар келгенге дейін жолаушылар автобустан өздігінен шығып үлгерген", – делінген хабарламада.

ТЖМ қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның автобусқа толық таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.