Полиция қылмыстық іс қозғаған.
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
ERNUR.KZ. Астанада төрт жасар қыз бала жетінші қабаттағы терезеден құлап, оқиға орнында жан тапсырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Астана қаласының полиция департаменті редакциямызға хабарлағандай, бала оқиға орнында жан тапсырған.
«Баланың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, бала жетінші қабаттан құлаған. Жарақаттарының ауыр болғаны соншалық, ол оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Осы ретте полиция балаларға мұқият қарап, терезелерге темір қоршау орнатып, терезенің алдына баланың бойы жететін жиһаз қоймауды сұрайды.


