Астанада қамыс арасында қалып қойған ер адам құтқарылды

0
129

1982 жылы туған ер адам қамыс арасына кіріп кетіп, өздігінен шыға алмай қалған.


Астанада қамыс арасында қалып қойған ер адам құтқарылды

Құтқарылған ер адам өзеннің арғы бетіне жеткізілді.

ERNUR.KZ. Астанада құтқарушылар қамыс арасында қалып қойған ер адамды құтқарды. Оқиға Сарыарқа ауданындағы «Жасыл тоғай» аумағында, сарқырама маңында болған, деп жазады baq.kz.

1982 жылы туған ер адам қамыс арасына кіріп кетіп, өздігінен шыға алмай қалған. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері өзеннен өтіп, азаматқа жетіп, оны қауіпсіз жерге алып шықты.

Құтқарылған ер адам өзеннің арғы бетіне жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға, жүруге қиын жерлерге бармауға және төтенше жағдай туындаса, дереу 112 нөміріне хабарласуға шақырды.