Астана қаласының полиция департаменті қазір ер адамның жеке басын анықтап жатқанын айтты.
ERNUR.KZ. Астанада ер адам тұрғын үйлердің бірінің 6-қабатының терезесінен дәрет сындырған, деп жазады stan.kz.
Бұл жәйт елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Желіде тараған видеодан қара киім киінген ер адамның терезе алдында тұрып дәрет сындырғанын көруге болады. Ал мұны тұрғындардың бірі видеоға түсіріп желіге таратқан.
Ал Астана қаласының полиция департаменті қазір ер адамның жеке басын анықтап жатқанын айтты.
“Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтап жатыр. Ер адам анықталып, оқиғаның мән-жайы белгілі болған соң аталған оның әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – деп жазылған жауапта.


