Қызметкерлер мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы басқа медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды.
фото: Пресс-служба МЧС Казахстана
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Астанадағы балалар ауруханасында өрт шыққаны туралы хабар тарады, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Сарайшық ауданында орналасқан аурухананың жертөлесіндегі электр қалқанынан шыққан.
"Қоңырау түскеннен кейін екі минуттың ішінде оқиға орнына бірінші өрт сөндіру бөлімшелері жетіп, дереу өртті сөндіруге кірісті. Қауіпсіздік мақсатында қызметкерлер мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы басқа медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды", - делінген хабарламада.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті құрылды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында 10 шаршы метр аумақтағы өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.


