Оған кеңес мүшелері мен партия белсенділері қатысты.
ERNUR.KZ. Бүгін Астанада «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғановтың басшылығымен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, оған кеңес мүшелері мен партия белсенділері қатысты. Отырыста партия Төрағасы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай отандастар мен партияластарға Үндеу жариялады.
«Құрметті отандастар және партияластар!
2026 жылдың 1 шілдесі – тәуелсіз Қазақстанның даму тарихындағы елеулі күн ретінде тарихқа енетіні сөзсіз. Жаңа Конституцияның күшіне енуі – әділдік, жауапкершілік және заң үстемдігі қағидаттарына негізделген мемлекеттік және қоғамдық дамудың жаңа кезеңінің басталуын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы бастамашылық еткен конституциялық өзгерістер саяси жүйені жаңғыртуға, мемлекеттік институттарды нығайтуға және азаматтардың ел тағдырына қатысуын кеңейтуге бағытталған қоғамдық сұранысқа жауап болды. Жаңа Конституция қоғамдық келісімді, сенімді және Қазақстанның орнықты дамуын одан әрі нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады. Ол тек Ата заң ғана емес, сонымен қатар әділдік, заңдылық және қоғамдық келісім қағидаттарын айқындаған еліміздің болашақтағы дамуы мен мемлекеттілігін нығайтудың бағдары іспетті.
Оның лайықты еңбек ету, отбасын құру, бала тәрбиелеу, сапалы білім алу, өз қабілетіңді жүзеге асыру және жарқын болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін ережелері адамдардың күнделікті өмірінде көрініс тапқанда ғана шын мәніндегі күшке ие болады.
Конституциялық өзгерістер еліміздің ауылдық аумақтары мен өңірлері үшін айрықша маңызға ие. Азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейту, жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру және әділдік қағидаттарын дамыту ауылдың орнықты дамуы үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды.
Партияластарыма үндеу тастай отырып, мен, біздің міндетіміз – адамдармен нақты жұмыс істеу, қоғамдық бастамаларды қолдау, азаматтардың сенімін нығайту және қоғамға шынайы пайда әкелетін жобаларды жүзеге асыру екенін атап өткім келеді.
Еліміздің барлық азаматына арнап айтарым – мен қоғам бірлігі, өзара жауапкершілік және заңды құрметтеу ғана Қазақстанның алға қарай дамуын қамтамасыз ете алатынына кәміл сенемін.
Бізге конституциялық қағидаттарды отбасы өмірінде, еңбекте, жастарды тәрбиелеуде, өңірлерді дамытуда және болашаққа қамқорлық жасауда нақты мазмұнмен толтыру қажет. Еңбек адамына деген құрмет, қоғам алдындағы жауапкершілік, туған жерге деген сүйіспеншілік және жасампаздыққа ұмтылыс бізді біріктіріп, Қазақстанның даму жолын айқындайтын бағдарлар болып қалуы тиіс.
Біз тек бірлескенде ғана халық бірлігін бекемдеп, мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз ете аламыз және болашақ ұрпаққа қуатты, әділ де гүлденген Қазақстанды қалдырамыз».


