Астанада 19 жастағы тұрғын баласын сатып жіберген

0
95

Астана әкімдігінің "Мамандандырылған балалар үйі" КММ-нің талап-арызы бойынша анасы ата-ана құқықтарынан айырылды.


Астанада 19 жастағы тұрғын баласын сатып жіберген

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Астанада жаңа туған нәрестесін заңсыз бергені үшін тұрғын ата-ана құқығынан айырылды. Істің мән-жайын қалалық прокуратура мәлім етті, деп жазады tengrinews.kz.

Елорданың 19 жастағы тұрғыны делдалдар арқылы жүктіліктің сегізінші айында жасалған жалған суррогат ана болу шарты негізінде өзінің жаңа туған баласын ерлі-зайыпты жұпқа ақшалай сыйақы үшін берген.

"Соттың 2025 жылғы 23 мамырдағы үкімімен қыз және делдалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы ("Кәмелетке толмағандар саудасы") бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушыларға пробациялық бақылау белгілене отырып, шартты түрде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында ол кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылған. Сонымен қатар, Астана әкімдігінің "Мамандандырылған балалар үйі" КММ-нің талап-арызы бойынша анасы ата-ана құқықтарынан айырылды.