Алматыда оқушы қыздар жігітті соққыға жықты

0
535

Кейін ол бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.


Алматыда оқушы қыздар жігітті соққыға жықты

kaz.inform.kz. Алматыда екі жас қыз жігітті аяусыз ұрып-соғып, оны видеоға түсірген, деп жазады ERNUR.KZ.


Кейін ол бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Қалалық полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

«Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа да мән-жайлар анықталады», - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматының орталығында қарт адамды жұдырықтың астына алған ер адамның ұсталғаны туралы жазған едік.