Арнайы логотипі бар автокөліктер тұраққа тыйым салынған аймақтарды қадағалайды.
Фото: Астана әкімдігі
ERNUR.KZ.Астанада қала бойынша жүріп, көлікті дұрыс қоймау деректерін анықтайтын мобильді кешендер пайда болды, деп жазады tengrinews.kz
Арнайы логотипі бар автокөліктер тұраққа тыйым салынған аймақтарды қадағалайды. Егер жүйе ол жерден көлікті анықтаса, деректер тіркеліп, айыппұл рәсімдеу үшін полицияға жіберіледі.
Көліктердің жүк салғышында интернетке қосылу құрылғылары орнатылған, сондықтан жүйе үздіксіз жұмыс істейді. Кешендер арнайы бағыт бойынша қозғалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, орта есеппен бір көлік күніне 100-ге жуық құқықбұзушылықты анықтайды.


