Шығыс Қазақстан облысына Ресейден 200-ден астам асыл тұқымды қашар жеткізілді

0
176

Бұл – асыл тұқымды малдың екінші партиясы.


Шығыс Қазақстан облысына Ресейден 200-ден астам асыл тұқымды қашар жеткізілді

фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы тауарлы-сүт фермасына Ресейден голштин-фриз тұқымды 221 бас қашар жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.
Бұл – асыл тұқымды малдың екінші партиясы.
"Мал 1 075 бас сауын малға арналған ферманың өндірістік қуатын қамтамасыз ету мақсатында сатып алынған", - дейді министрлікте.

Министрлік мәліметінше, бұған дейін, 30 қыркүйекте, шаруашылыққа 224 бас малдан тұратын алғашқы партия жеткізілген болатын. Осылайша, бүгінде фермадағы асыл тұқымды мал саны 445 басқа жетті.

Мұндай жобалар отандық сүт өндірісін ұлғайтуға, өңдеу кәсіпорындарының шикізат базасын нығайтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосады.