Астанадағы "Соғым-FEST" жәрмеңкесіне 100 тоннадан астам ет жеткізілді

0
178

Осы аптада жәрмеңкеде сату үшін елордаға 100 тоннадан астам ет әкелінді.


Астанадағы

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

ERNUR.KZ. Астанада 28-29 қараша күндері "Соғым-FEST" ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және басқа да облыстардың шаруалары өз өнімдерін сатылымға шығарды, деп жазады inbusiness.kz.

Елорда тұрғындары мен қонақтары ет және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей өндірушілерден, делдалсыз сатып ала алады.

Сиыр етінің бір келісі 3 300 теңгеден, жылқы еті 3 500 теңгеден, қой еті 3 700 теңгеден басталады.

Жәрмеңке сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін төрт жерде өтеді:

  • "Keruen Joly" сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;
  • "Ет Әлемі" сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;
  • "Jurt" сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3;
  • "ERA" базары – Қорғалжын тасжолы, 96.

"Соғым-FEST" жәрмеңкесі отандық шаруаларға өз өнімдерін өткізуге, ал тұрғындарға қысқы соғымын қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік береді.