Қазақстандық пара пауэрлифтингтен төрт дүркін әлем чемпионы атанды

0
121

Давид Дегтярев әлем чемпионатында екі алтын медаль алды.


Қазақстандық пара пауэрлифтингтен төрт дүркін әлем чемпионы атанды

фото: Пресс-служба Министерства туризма и спорта Казахстана

ERNUR.KZ. Қазақстандық Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен төрт дүркін әлем чемпионы атанды, деп жазады sputnik.kz.
Давид Дегтярев Бахрейнде өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды.

Ол 192 келіні бағындырып, Азия рекордын жаңартты.

Бұдан бөлек, үш мүмкіндіктің қорытындысы бойынша 573 келі көтеріп, жалпы нәтиже бойынша да бірінші орынға ие болды. Осылайша, Давид Дегтярев әлем чемпионатында екінші алтын медалін еншіледі.