Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Ақорда
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ықпалдастық одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Албания халқына бақ-береке тіледі.


