Астанада адвокат клиентінен 7 млн теңге бопсалағаны үшін сотталды

0
146

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.


Астанада адвокат клиентінен 7 млн теңге бопсалағаны үшін сотталды

Фото: pixabay


ERNUR.KZ. Астанада адвокат қамауға алынған клиентіне үйқамаққа шығуға көмектесетінін айтып, ақша талап еткен. Алайда әйел оның ұсынысынан бас тартып, құқық қорғау органдарына хабарлаған, деп жазады zakon.kz.
Адвокат мәселені шешіп беру үшін 7 млн теңге сұраған. Ол мемлекеттік органдардағы байланыстарын пайдалана алатынын айтқан.
"Әйел заңсыз келісімге қатысудан бас тартып, құқық қорғау органдарына жүгінді. Жедел іс-шаралар нәтижесінде адвокат ақшаны алғаннан кейін бірден ұсталды", – деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.

Сот адвокатты екі жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар оған алты жыл бойы заңгерлік практикамен айналысуға тыйым салынды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.