Ал биыл тағы бір тармақтың құрылысы басталады.
фото:Sputnik / Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Астанада жыл соңында Айтматов көшесіне қарай LRT-ның тағы бір тармағын салу жұмыстары басталады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі кезде Қосшыға қарай LRT тартуға дайындық басталып кетті. Бұл тармақтың құрылысы келесі жылдың соңында аяқталады.
"Қосшы жақтан қазір күн сайын 22 мыңнан астам көлік келіп тұрады. Қаланың өзінде 120 мың адам тұрады. Олардың жартысы Астана күн сайын келіп кетеді. Келесі жылдың аяғына дейін LRT-ның Қосшыға дейінгі тармағы аяқталады деген жоспарымыз бар",-деді Қасымбек Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Ал биыл тағы бір тармақтың құрылысы басталады.
"Осы жылдың соңында біз Айтматов көшесіне қарай тартуды бастаймыз", - деп түйіндеді қала басшысы.


