12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шыққан.
Фото: Үкімет
ERNUR.KZ. Астанада көпқабатты тұрғын үйде болған өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, деп жазады inform.kz.
12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Оқиға кезінде пәтер ішінде бір отбасы болған. Өрт салдарынан үш бала мерт болып, олардың анасы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
– 39 жастағы әйел жедел жәрдем арқылы медициналық мекемеге жеткізілген. Оның денесінің 50–55 пайызы күйіп, II–III АБ дәрежелі термиялық күйік, термоингаляциялық зақымдану және II–III дәрежелі күйік шогы анықталған. Науқас шұғыл түрде арнайы палатаға жатқызылып, травматолог, реаниматолог, ЛОР дәрігері және токсиколог мамандардың қарауынан өтті. Кейін жансақтау және қарқынды терапия бөліміне орналастырылды, – деді травматолог дәрігер Марат Сәбіров.
Оның айтуынша, науқас өте ауыр жағдайда түскен және қазіргі уақытта оған толық көлемде қарқынды терапия жүргізіліп жатыр.


