Астанада бұрынғы қызына 150 рет қоңырау шалған жігіт 100 сағат бойы көше тазалайтын болды

0
121

Оны сот сталкинг бабы бойынша соттады.


Астанада бұрынғы қызына 150 рет қоңырау шалған жігіт 100 сағат бойы көше тазалайтын болды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Астана соты бұрынғы қызына сталкинг жасап, оған маза бермеген әрі жұмыс орнына келіп, шу шығарған жігітті соттап жіберді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл іс туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлап отыр. Ер адам бойжеткенге маза бермей, оған өте көп рет қоңырау шалған әрі балағат сөздер айтып, хат жазған.

«Сотталушы 2025 жылдың қыркүйегінен бастап, 2026 жылдың ақпаны аралығында бұрынғы қызына 150-ден астам қоңырау шалып, балағат сөзбен мазасыз хаттар жазған. Тіпті ол әйел адам жұмыс істейтін сұлулық салонына келіп, жанжал шығарған. Салон ішіндегі мүлікке зиян келтіріп, жәбірленуші мен оның отбасы мүшелеріне қатысты қорқыту сөздерін айтқан. Осының салдарынан елорда тұрғыны үнемі қорқынышта өмір сүруге мәжбүр болған», - деп хабарлайды прокуратура.

Осы мәселелер ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғауға негіз болған.

«Сот сталкинг жасаған ер адамды соттап, 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза кесті. Сондай-ақ оған осы қызды іздеуге, қудалауға және онымен байланыс орнатуға тыйым салынды. Бұдан өзге ол қызға 392 мың теңге көлемінде материалдық шығын және 150 мың теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіріп берді», - деп хабарлайды прокуратура.