Ресейде маймыл шешегін жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелді

0
110

​Таиландтан оралған тұрғыннан вирус анықталды. Қалада бір тәулікте үш жағдай тіркелген.


Ресейде маймыл шешегін жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелді

ERNUR.KZ. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Таиландқа туристік сапардан оралған тұрғыннан маймыл шешегі анықталды. Осылайша, бір тәуліктің ішінде қалада тіркелген ауру жұқтыру жағдайларының саны үшеуге жетті. Бұл ақпаратты Ресейдің Тұтынушылар құқығын қорғау және адам әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералдық қызметі (Роспотребнадзор) растады, деп жазады baq.kz.

Бұған дейін, 26 қарашада қалада маймыл шешегін жұқтырған тағы екі адам ауруханаға жатқызылған болатын.

Мәліметке сәйкес, науқастар ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық тексеру басталған. Мамандар науқастармен байланыста болған адамдарды анықтап, олардың денсаулығына медициналық бақылау жүргізіп жатыр. Сонымен қатар инфекция ошақтарында дезинфекция жұмыстарын жүргізу туралы нұсқама берілген.

Дәрігерлер бұған дейін ауруханаға түскен науқастардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Олардың жағдайы жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде. Ал үшінші науқастың жағдайы орташа ауыр деп сипатталған.

2026 жылғы қазан айының ортасында Санкт-Петербургте маймыл шешегінің жергілікті өршуі тіркелген болатын. Сол кезде расталған вируспен бес адам Боткин атындағы ауруханаға жатқызылды. Айдың соңына қарай олардың барлығы емделіп, ауруханадан сәтті шығарылған.