​Қозғалыс пен диета - арықтаудың негізі

0
181

Тәтті, майлы, фастфуд тағамдарды азайтыңыз.


​Қозғалыс пен диета - арықтаудың негізі

Артық салмақтан арылу - бір күннің жұмысы емес, бірақ дұрыс тәсілмен және табандылықпен міндетті түрде нәтижеге жетуге болады. Сіз үшін қарапайым, қауіпсіз және тиімді кеңестерді ұсынамыз. Егер айтылғандарды орындайтын болсаңыз, міндеитті түрде майлар ыдырап, бұлшықет нығайып, сымбатыңыз тартыла түседі. Алайда бір күн диета мен қозғалысты қолға алып, екін-үшінші күндері дәстүрлі тамақтануға ауысып кететін болсаңыз, ескертіп қояйық, мұндай жағдайда керісінше салмақ қосып, бұрынғыдан да толыса бастайсыз. Сондықтан да диетаны бастамас бұрын жақсылап ойланып, табандылықпен кіріскен жөн.


1. Дұрыс тамақтану - ең бастысы

Тәтті, майлы, фастфуд тағамдарды азайтыңыз. Оның орнына көкөніс, жеміс, ботқа, балық, тауық етін жеген дұрыс.

Күніне кемі 6-8 стақан су ішу керек. Су ағзаны тазартып, аштық сезімін азайтады.

Тамақты аз мөлшермен, бірақ жиі-жиі ішу керек. (күніне 4-5 рет).

Кешкі ас - жеңіл болуы тиіс және ұйықтардан 3 сағат бұрын ішу ұсынылады.


2. Қозғалыс - табыстың жартысы

Күніне кем дегенде 30 минут жаяу жүріңіз немесе баяу жүгіруге болады.

Үйде жеңіл жаттығулар, созылу, секіру немесе билеу де көмектеседі.

Маңыздысы - тұрақтылық! Күніне 15-20 минут болса да, үнемі қозғалыста болу.


3. Ұйқы мен стресс те әсер етеді

Түнде 7-8 сағат ұйықтау ағзадағы зат алмасуды жақсартады.

Стрестен аулақ болуға тырысыңыз. Стресскезінде көп адам артық тамақтанып қояды.


4. Шынайы мақсат қою

Бірден көп салмақ тастауға тырыспаңыз. Аптасына 0,5-1 кг азайту - ең пайдалы және қауіпсіз қарқын болып саналады.

Өз прогресіңізді күнделікке жазып отырсаңыз, мотивацияңыз арта түседі.


5. Дәрігер кеңесі маңызды

Егер айтарлықтай артық салмақ болса немесе денсаулығыңызда ерекше жағдай бар болса, дәрігерге немесе диетологқа қаралған жөн. Мамандар сізге жеке бағдарлама ұсынуы мүмкін.


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Сізді СҮЙІКТІ ете түсетін ДИЕТА