Президент: "Заң мен Тәртіп" – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты ұстаным

0
98

Президент "Заң мен Тәртіп" қағидатының Конституцияда халықтың аса маңызды құндылығы ретінде айқындалғанын атап өтті.


Президент:

Сурет: akorda.kz

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер "Заң мен Тәртіп" қағидатына негізделетінін айтты.

Мемлекет басшысы наурыз айындағы жалпыұлттық референдумда Конституцияның қабылдануын ұлт тағдырына тікелей әсер еткен тарихи шешім деп бағалады.

"Конституцияда Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, жалпыұлттық бірлігімізді күшейту мемлекетіміздің негізгі қағидаттары болып бекітілді. Адам капиталын, білім-ғылымды, инновацияны дамыту конституциялық мәні бар стратегиялық міндет деп танылды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент "Заң мен Тәртіп" қағидатының Конституцияда халықтың аса маңызды құндылығы ретінде айқындалғанын атап өтті.

"„Заң мен Тәртіп" – мен үшін Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты ұстаным. Түптеп келгенде, ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер дәл осы қағидатқа негізделеді. Өйткені заң үстемдік етпесе, қоғамда тәртіп болмаса, ешқандай реформаның нәтиже бермесі айдан анық", – деді Мемлекет басшысы.