Тексеру нәтижесінде 2 науқастан коронавирус инфекциясы анықталды.
Шымкентте науқастарды ерте анықтау және індеттің таралуына жол бермеу мақсатында бір тәулікте 1360 зертханалық тексерулер жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тексерудің нәтижесінде 2 науқастан коронавирус инфекциясы анықталып, ауруханаға жатқызылды. Тесттен оң нәтиже анықталған науқастардың денсаулық жағдайы қанағаттандырарлық.                   
Қалада жалпы барлық коронавирус инфекциясы COVID-19 және пневмония тіркелген ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу жалғасуда.   
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада COVID-19 инфекциясымен 780 жағдай тіркеліп, оның ішінде симптоммен – 378 , симптомсыз – 402. Ал,  18 жасқа дейінгі балалар арасында 152 жағдай тіркелген. 
Тағы бір айта кетерлігі, өсімімен барлығы COVID-19 (U07.2) пневмонисы белгісімен 166 жағдай тіркелді, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелмеді.
                        
                        
                    
