Испания Қазақстанға іздеуде жүрген шетелдікті қайтарды

0
130

Осыдан 10 жыл бұрын күдікті екі сыбайласымен бірге алдын ала бетперде мен қолғап дайындап, жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кірген.


Испания Қазақстанға іздеуде жүрген шетелдікті қайтарды

Бейнеден кадр

ERNUR.KZ. Астанада қарақшылық шабуыл ұйымдастырғаны үшін 10 жыл бойы іздеуде жүрген шетелдік Испанияда қолға түсіп, Қазақстанға экстрадицияланды, деп жазады tengrinews.kz.

Пышақпен шабуылдау және үйді тонау

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, осыдан 10 жыл бұрын күдікті екі сыбайласымен бірге алдын ала бетперде мен қолғап дайындап, жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кірген. Олар үй иесіне күш көрсетіп, пышақ жарақатын салған.

Осыдан кейін шабуылдаушылар ақша, зергерлік бұйымдар мен электронды құрылғыларды қолды қылған.Жарнама

Олардың бірі 11 жылға сотталды

Қылмысқа қатысушылардың бірі шабуылдан кейін көп ұзамай ұсталды. Кейінірек ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қалған фигуранттар құқық қорғау органдарынан бой тасалап, оларға халықаралық іздеу жарияланды.

"Кейін іздеудегілердің бірі Мадридте қолға түсті, ол Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта фигурант тергеу изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомство.

Күдіктіге тағылып отырған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Грузиядан Қазақстанға Өзбекстан азаматы экстрадицияланған болатын. Ол трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты және жеңгетайлықпен айналысты деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол "Кыздар.нет" сайтында сексуалдық қызмет ұсыну туралы сауалнамаларды ілгерілетуге көмектескен.