​Қонақүйдегі фенді қолдану неге қауіпті?

0
222

Шетелде қонақүйге тоқтағанда кейбір заттар мен қызметтерді мүлде қолданбаған, ал кейбіріне сақтықпен қараған дұрыс.


​Қонақүйдегі фенді қолдану неге қауіпті?

Сурет: img.ixbt.site

Сапарға шыққанда арқалаған затың неғұрлым зат аз болса, саяхат соғұрлым жайлы болады. Бірақ мұнда да өз нюанстары бар: сен тұратын бөлмелерді кім және қалай тазалайтынын білмеген соң, сақтық шараларын сақтау маңызды.

Шетелде қонақүйге тоқтағанда кейбір заттар мен қызметтерді мүлде қолданбаған, ал кейбіріне сақтықпен қараған дұрыс. Бұл артық шығыннан, қауіптен немесе ыңғайсыз жағдайлардан сақтайды. Тәжірибелі саяхатшылардың кеңестерін жинақтап, ең маңыздысын топтадық.


Қонақүй фенін қолданба!

Мысалы, жақында шаш пен бас терісінің денсаулығын зерттейтін маман – Жаклин Макинтош жеке блогында «шашкептіргіш құралыңды әрдайым өзіңмен бірге алып жүр» деп кеңес берді.

Макинтоштың айтуынша, зерттеу нәтижесінде қонақүй қызметкерлері тазалауды жиі ұмытып кететін заттардың бірі – фен екені анықталған. «Сондықтан келесі жолы қонақүйге тоқтағанда, өз феніңізді алып барған дұрыс» дейді ол.

Жаклиннің пікірінше, қонақүйдегі фенді мүмкіндігінше қолданбаған жөн. «Олардың ішінде бір қонақтан екіншісіне берілетін бактериялар болады. Бұл микроағзалар денсаулыққа қауіпті, бас терісіне зиян келтіріп, инфекция мен тітіркену тудыруы мүмкін, сондай-ақ шаш фолликулдарының жұмысын бұзып, шаштың сау өсуін баяулатады» деп түсіндіреді дәрігер.

Сонымен қатар, тек микробтар ғана емес, құрылғы ішінде шаң мен көгеру жиналуы мүмкін, бұл да шашқа кері әсер етеді.

«Қонақүй нөміріндегі фен кез келген сәтте жарылуға дайын тұратын, баяу әсер ететін бомба сияқты. Ішіндегі қоқыс қызып кетуге әкелуі мүмкін: ең жеңіл жағдайда шашыңызды құрғатып жібереді, ал ең жаманы – бас терісін күйдіріп алуыңыз мүмкін» деп ескертеді Жаклин.


Қонақүйде тағы қандай заттарды қолданбаған дұрыс?

1. Мини-бардағы тағамдар мен сусындар

Мини-бар – ең қымбат «тұзақтардың» бірі. Бағасы дүкеннен 2–5 есе қымбат.

Кеңес: Оның орнына, сусындарыңызды сырттағы дүкендерден алған әлдеқайда тиімді.

2. Wi-Fi желісі (әсіресе ашық желі)

Қауіпсіздігі төмен болуы мүмкін. Жеке деректеріңіз (банк, пароль) ұрлануы ықтимал.

Кеңес: VPN қолданыңыз немесе мобильді интернетті пайдаланыңыз.

3. Қонақүйдің кір жуу қызметі

Бағасы өте жоғары. Қарапайым киімнің өзі қымбатқа түседі.

Кеңес: Жергілікті кір жуатын орындарды (laundry) іздеңіз. Аздап артық уақыт жұмсайсыз, алайда әжептәуір үнем жасайсыз.

4. Бөлмедегі шәйнек, стақан, кружка

Бөлмедегі ыдыстарды әр қонақтан кейін мұқият жумауы мүмкін. Кейде оларды жай ғана шайып, қайта қоя салады. Сондықтан әрқашан таза болмауы ықтимал. Қолданар алдында ыстық сумен жақсылап жуып алған жөн.

5. Басқару тетігі

Кондиционер немесе теледидар пультін қолданбас бұрын спиртті майлықпен сүртіп алған дұрыс. Қонақүй қызметкерлері оны жиі тазалай бермейді. Бұл құрал есік тұтқасы сияқты – көп адам ұстайды, бірақ сирек тазартылады.

6. Кофеқайнатқыш

Егер бөлмеде кофеқайнатқыш болса, бірден кофе дайындамаңыз. Алдымен оны бос күйінде бір рет қосып, қайнаған сумен ішіндегі ескі кофе қалдықтары мен жиналған бактерияларды шайып жіберіңіз.

7. Төсеніштер

Кілемнің үстімен жалаңаяқ жүрмеңіз және оған отырмаңыз: ол бактериялардың нағыз «шаһары» деуге болады. Кілемге тамақ қалдықтары мен сұйықтықтар жиі төгіледі, бірақ көбіне тек шаңсорғышпен тазаланады, ал дезинфекция өте сирек жасалады (тіпті кейде мүлде жасалмайды).

8. Қонақүйдің телефон қызметі

Халықаралық қоңыраулар өте қымбат. Тіпті жергілікті қоңыраулар да ақы болуы мүмкін.

Кеңес: WhatsApp, Telegram сияқты қосымшаларды пайдаланыңыз.

9. Тегін емес трансферлер мен турлар

Қонақүй ұсынатын қызметтер көбіне қымбат болады. Сыртта дәл сондай қызметті арзан бағаға табатыныңызға күмәніңіз болмасын.

Кеңес: Қонақүйден тыс қызмет ұсынатындарды іздестіріп, бағаларын салыстырып көріңіз.

10. Сейфке көзсіз сенбе

Сирек болса да, бұзылу жағдайлары кездеседі

Кеңес: аса бағалы заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

11. Төсек жапқыш (декоративті плед)

Төсектегі жапқышты (пледті) бірден жинап, шетке қойған дұрыс. Төсек жаймалары әр қонақтан кейін ауыстырылғанымен, бұл жабын көбіне тек сән үшін қолданылады және өте сирек жуылады. Сондықтан гигиена талаптарына сай болмауы мүмкін.

12. «Тегін» деп жарнамалаған заттар

Кейде бөтелкедегі су, шайға аздаған тәтті, т.с.с. қонақтарға арнайы сый-сияпат деп ұсынуы мүмкін. Алайда кей қонақүйлер олардың бағасын есепке қосады.

Кеңес: әр заттың тегін не ақылы екенін тексеріңіз.

13. Консьерж ұсынған кейбір қызметтер

Бұл да туристердің қаржысына құрылған тұзақ болуы мүмкін. Кейін комиссия қосылып, бағасы өседі.

Кеңес: Қандай да бір қызмет түрі керек болса, өзіңіз зерттеп, салыстырып таңдаңыз.


Қосымша лайфхактар

  • Қонақүйдің барлық ережелерін алдын-ала оқып, танысыңыз
  • Бағаларды әрқашан тексеріңіз
  • Ғаламтордан пікірлерді қарап шығыңыз
  • «Тегін» дегенге бірден сенбеңіз.

Дайындаған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:

АФРИКА САПАРЫ: «Күн құрсағындағы құрлыққа» ғашық қылатын 4 ел

ВЕЛОСАЯХАТ: еліктіретін сапардың кедергісі де көп