Әлемдегі ЕҢ ҮЛКЕН мектептер

0
2 095

Аталған рекорд осы уақытқа дейін бұзылған жоқ.


Әлемдегі ЕҢ ҮЛКЕН мектептер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда біздің елімізде көптеген ауқымды мектептер салынып жатыр. Оның үстіне «Жайлы мектеп» бағдарламасы іске қосылып, заман талабына сай білім ұялары бой көтеруде. Бірақ, бұл мектептер бүгінгі мақалаға ене алмайды. Себебі, біз әлемдегі ең үлкен мектептер жайлы сөз қозғамақпыз.


Монтессори мектебі – Лакнау, Үндістан

Отаршылдық стилінде салынған үлкен ғимарат Сарайға ұқсайды – сыртқы көрінісі де, өлшемі де. Алып мектепте 50 мың оқушы оқи алады және 2500 педагог жұмыс істейді. Бұл ғимарат 2000 жылы рекордтар кітабына планетадағы ең үлкен мектеп ретінде енгізілген. Аталған рекорд осы уақытқа дейін бұзылған жоқ.


Orestad Gymnasium – Копенгаген, Дания

Сыртқы жағы әйнек пен болаттан жасалған үлкен мектептің ішінде адамдар құмырсқа илеуіндегідей жүреді. Ғимараттың ішкі бөлімдері кедергіаралық принцип бойынша орындалған. Тіпті кейбір сыныптар бір-бірінен тек шыны арқылы бөлінген. Бұл мектепте балаларға барынша еркіндік беретін оқыту әдістемесі қолданылатынын да атап өту керек. Дәстүрлі сыныптар мен бөлмелер жоқ, оның орнына мектеп үлкен оқу аймақтарына бөлінеді. Мектептің ортасындағы үш үлкен дөңгелек аймақ – демалыс орындары.


Schloss Salem – Баден-Вюртемберг, Германия

Германияның оңтүстігіндегі бұл алып мектепті ертедегі Ренессанс сарайымен шатастырып алуыңыз мүмкін. Бірақ айналасындағы бақшалар мен көгалдарда сабақ оқып отыратын мектеп оқушыларын көргенде, бұл нысанның білім мекемесі екендігін түсінесіз.


De Kleine kapitein мектебі – Амстердам, Нидерланды

Бұл модульдік технология бойынша салынған ең үлкен мектеп емес. Құрылыс материалы ретінде теңіз жүктерін тиеуге арналған ашық түсті контейнерлер қолданылған. Қазіргі уақытта номиналды сыйымдылық екі мың оқушыдан аспайды, бірақ қажет болған жағдайда оны бірнеше рет оңай көбейтуге болады.


Королева Этельбург колледжі – Йорк, Ұлыбритания

Этельбурга Кент, Тата деп те аталатын Нортумбрияның ежелгі билеушісі және алғашқы саксондық әулиелердің бірі. Елдің солтүстік бөлігінде орналасқан оның есімі берілген мектеп ежелгі бекініс емес, ХХ ғасырдың 20-жылдарының басында салынған заманауи мектеп. Мектеп сәнді әрі ауқымды болғанымен оқушылар саны тұрғысынан ерекшеленбейді. Дәлірек айтсақ қазір мұндағы шәкірттер саны бір жарым мыңнан аспайды.


Террасет бастауыш мектебі – Рестон, АҚШ

Бұл ғимаратты бір көргеннен «алып» деп айта алмайсыз. Себебі, бұл нысанның басым бөлігі жертөле қабатында және ұзындығы едәуір жерасты дәліздері жүйесінде орналасқан. Мұндай инженерлік шешім жылу энергиясын үнемдеу мақсатында қолданылған. Себебі, оқу орны өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Батысты азаптаған энергетикалық дағдарыс кезеңінде салынған. Мұнда оқу аса ыңғайлы емес, бірақ туристер өтке көп келеді.



Халықаралық мектеп — Абу-Даби, БАӘ

Бұл ғимараттың қабырғасында бір жарым мыңнан астам оқушы оқи алады. Нысан әмірліктегі көптеген мектептер сияқты, жетілдірілген соңғы технология бойынша салынған. Тіпті, мектептің физикалық және химиялық зертханасының жабдықтарына американдық немесе еуропалық университеттердің өзі қызығушылықпен қарауы мүмкін.


Charterhouse мектебі – Годалминг, Ұлыбритания

Бұл жердің ерекшелігін білмейтін, жай ғана өтіп бара жатқан адам құрылысты жеке меншіктегі, ақсүйек адамның тұрғын үйі деп ойлауы мүмкін. Бұл іс жүзінде елдегі ең көне және ең үлкен мектептердің бірі болып саналатын білім ұясы. Нысан XVII ғасырдың бас жағында құрылған және барынша әсерлі көрінеді.


Watershed мектебі – Боулдер, АҚШ

Өзіндік ерекшеліктері бар оқу орнын үлкен деп айтуға болмайды. Шындығында, бұл ғимаратта алаң, көше мен саябақ, аудиториялар мен сыныптар да жоқ. Сабақ орман шетінде табиғат аясында оқытылады.


Yangliu County primary School – Қытай

Қытайдағы мектептер жеке инфрақұрылымы бар автономды қалалар секілді. Мысалы, Yangliu County primary School мектепбінде балабақша да бар. Тапқырлық пен функционалдылықты үйлестірген сәулеті таң қалдырады: нысанның төбесі түрлі-түсті жүгіру жолдары мен әртүрлі спорт алаңдары бар стадиондарға айналған. Жоба авторлары бұл мектепті «аспан қаласы» деп атайды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Халықаралық әйелдер күні ҚАЙДА және ҚАЛАЙ пайда болды?


Рамазан айы үшін арнайы заң қабылдаған мемлекеттер бар