​Ауғанстандағы 6,2 балдық жер сілкінісі еліміздің оңтүстігінде де сезілді

0
102

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматы қаласынан 1079 км оңтүстік-батыста, Ауғанстан аумағында орналасқан.


​Ауғанстандағы 6,2 балдық жер сілкінісі еліміздің оңтүстігінде де сезілді
Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 3 қараша күні Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inform.kz.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматы қаласынан 1079 км оңтүстік-батыста, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 36.843º, шығыс бойлық 67.364º. Тереңдігі 120 км.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 14.2. MPV магнитудасы 6.2.
Есептік қарқындылығы (баллмен):
Шымкент қ. — 2 балл;
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылы — 2 балл, 437 км;
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қ. — 2 балл, 446 км;
Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қ. — 2 балл, 493 км.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.