Қарағандыда бір көлік бағдаршамға соғылып, жүргізуші көз жұмды

0
181

​Ол 50 жаста болған.


Қарағандыда бір көлік бағдаршамға соғылып, жүргізуші көз жұмды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

ERNUR.KZ. Қарағандыда Range Rover маркалы көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Автомобиль бағдаршамның тірегіне соғылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға түнгі уақытта болған

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 2 қараша күні сағат 00:20 шамасында Крылов пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған.

Алдын ала болжам бойынша, 50 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, бағдаршам тірегіне соғылған.

«Қатты соққыдан жүргізуші ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Көлікте өзінен басқа ешкім болмаған», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Куәгерлер видеоға түсіріп алған

Instagram желісіндегі karaganda.city парақшасында жол апаты орнынан түсірілген видео жарияланды. Кадрларда көліктің қатты бүлінгені және оның бөлшектері жол бойына шашылып жатқаны көрінеді.

Тергеу басталды

Қарағанды облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.