Астанада мас күйде көлік жүргізген судья ұсталды

0
164

Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы көлікті тоқтатқан.


Астанада мас күйде көлік жүргізген судья ұсталды

Фото: Halyqstan Telegram-арнасы

ERNUR.KZ. Астана қаласында азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды, деп жазады stan.kz.

"Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы көлікті тоқтатқан. Сараптама нәтижесі бойынша жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды, тексеріс жүргізіліп жатыр. Астана қалалық полиция департаменті көлік құралын мас күйде басқару заңды өрескел бұзу әрі айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіретін әрекет екенін ескертеді. Мұндай фактілер заң аясында қатаң түрде тоқтатылады", – делінген хабарламада.