Ұлттық қорға ақша құюшы компаниялар саны 8,5 есеге қысқарған

0
232

Нұрлан Нұржанов бюджеттің атқарылу барысында бірқатар проблемалар мен кемшіліктерді көрсеткенін баса атап өтті.


Ұлттық қорға ақша құюшы компаниялар саны 8,5 есеге қысқарған

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

ERNUR.KZ. Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов Мәжілісте 2025 жылғы 19 мамырда Қазақстанның Ұлттық қорына қатысты қауіп-қатер тәуекелдеріне тоқталды, деп жазады zakon.kz.

Нұрлан Нұржанов бюджеттің атқарылу барысыы бірқатар проблемалар мен кемшіліктерді көрсеткенін баса атап өтті.

"2024 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 4,8% -ды құрады, бұл Үкімет алдына қойған болжамдық деңгейден төмен. Меншікті инвестициялар көлемінің 257 млрд теңгеге немесе 7%-ға төмендеуі байқалды. Бұл ретте инвестициялар шикізат нарықтарының құбылмалылығы мен бюджеттің жай-күйіне сезімтал келетін бюджеттік түсімдерге жоғары тәуелділігі сақталуда, бұл ұзақ мерзімді инвестициялық саясаттың орнықтылығы үшін белгілі бір тәуекелдерді туғызады. Бұл жағдайда Қазақстан экономикасы қиын жағдайға тап болды деп айтуға болады", – деді ЖАП мүшесі.

Оның айтуынша, соңғы 10 жылда Ұлттық қор қаражаты тәуекелді бюджет шығыстарының орта есеппен 30%-ын, ал 2024 жылы 23%-ын жапқан. Бұл ретте Ұлттық қорға 3,8 трлн теңге мөлшерінде түсімдер ккеліп түскенімен, республикалық бюджетке бағытталған трансферттердің мөлшері 40%-ға ұлғайып, 5,6 трлн теңгені құраған.

"Инвестициялық табыс 5 трлн теңгені құрап, 2024 жылдың қорытындысы бойынша оң сальдоны қамтамасыз етті. 2024 жылы Ұлттық қорға келіп түскен тікелей салық түсімдері 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға төмендеді. Себебі осындай салық төлеуге міндетті ұйымдардың саны 8,5 есеге қысқарды. Қол жеткізілмеген шығындар шамамен 166 млрд теңгені құрады. Осы орайда 2030 жылға қарай тапсырманы 100 млрд долларға дейін орындамау қаупі бар", - деп толықтырады сөзін Нұрлан Нұржанов.

Сонымен қатар, ЖАП мүшесінің айтуынша, аудит Ұлттық қордың пайдаланылмайтын қаражаты арасындағы байланыс механизмінің жоқтығын анықтады, бұл Қазақстанның Даму банкінің шоттарында 26 млрд теңге сомасында қалдықтардың пайда болуына әкеліп соққан.

"Ұлттық компанияларға салынған инвестициялардың кірістілігі төмен күйінде қалып отыр. 2024 жылы кірістердің 586 млрд теңгеге өсуі, негізінен, Ұлттық қордан 1,36 трлн теңгеге ұлғайтылған трансферттер есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте бюджетті нақтылау кезінде КТС және ҚҚС түсімдерінің 2,6 трлн теңгеге төмендеген. Бір жыл ішінде бюджет параметрлері 13 рет қайта қаралды, бұл - соңғы 5 жылдағы рекорд. Өзгерістердің шамамен 40%-ы бір тоқсан ішінде енгізілді, бұл бюджеттік жоспарлаудың болжамдылығына нұқсан келтіретін қысқа мерзімді шешімдерге жол берілгенін көрсетеді. Бюджеттің шығыс бөлігінің 26%- ы немесе 6,2 трлн теңгесі қайта қаралды", - деді Нұрлан Нұржанов.

Сондай-ақ, оның деректері бойынша республикалық бюджет шығыстарының жартысына жуығы Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер мен алынатын қарыз қаражаты есебінен өтелген.

"Қаржыландырудың басқа көздеріне тәуелділіктің өсуі қаржылық тұрақтылықты төмендетіп, бюджеттің атқарылуына байланысты проблемаларға әкелді. 2024 жылы республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражаттың жетіспеуіне байланысты 422 млрд теңге игерілмеді", деп сөзін түйіндеді Нұрлан Нұржанов.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты "Самұрық-Қазына" қорын таратуды ұсынған болатын.